Skip to content

«Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» атты семинар-практикум өтті.

2025 жылдың 26 ақпан күні Павлодар қаласында тәжірибе алмасу аясында

«№ 44 сәбилер бақшасы» КМҚК; «Павлодар қаласының № 10 сәбилер бақшасының Zaman Star білім беру дамыту орталығы» КМҚК;
«Павлодар қаласының №5сәбилер бақшасының»КМҚК қатысуымен «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» атты семинар-практикум өтті.

Бұл шара балалардың дамуына ықпал ететін қызықты жобалар мен әрекеттерді таныстырып, педагогтарға жаңа идеялар ұсынуды мақсат етті.

Семинардың аясында келесі негізгі бағыттар бойынша тақырыптар талқыланды:

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Би өнері және ұлттық мәдениеттің бір бөлігі болып табылатын ойындар арқылы балалардың физикалық дамуын қалыптастыру;

Балалардың тілдік-танымдық дағдыларын дамытуда тиімді тапсырмалар мен дидактикалық ойындардың маңызы;

Цифрлық құралдар мен технологияларды қолдану арқылы балалардың медиа шығармашылығын дамыту.

Қатысушылар семинар барысында балалармен жұмыстың заманауи технологиялары, әдістері мен тәсілдерімен танысты.

Семинардың соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар арасында өткізілген рефлексия және талқылаулар өзара пікір алмасуға және тәжірибе бөлісуге мүмкіндік берді.

Павлодар қаласы білім беру бөлімімен
№ 44 сәбилер бақшасының ұйымдастыруымен өткізілген семинар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласында жаңашылдықты және кәсіби дамуды ынталандыруға бағытталған маңызды шара болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *