Skip to content

Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз тойланды

Балабақшамызда 18.03-19.03.2025 күндері Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз тойланды

Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы балабақшамызда жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік шараға балалар, ата-аналар және тәрбиешілер белсене атсалысып, ұлтымыздың салт-дәстүрлері ұлықталды.

Балалар әсем ұлттық киім киіп, Наурыз туралы өлеңдер оқып, ән айтып, би биледі. Наурыз көже пісіріліп, дастарқан ұлттық тағамдарға толды. “Тұсаукесер”, “Бесікке салу”, “Атқа мінгізу” сияқты дәстүрлер сахналанып, ұлттық ойындар ойналды.

Сонымен қатар, ата-аналар мен балалар арқан тарту, асық ату, қол күрес сынды ойындарға қатысып, мерекенің сәнін кіргізді.

Наурыз – береке мен бірліктің, жаңару мен жасампаздықтың мерекесі. Осындай шаралар арқылы балалар ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, салт-дәстүрді дәріптеуге үйренеді.

Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Ақ мол болсын, жыл ырысты болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *