2024-2025 оқу жылында Павлодар қаласындағы №44 сәбилер бақшасында балалардың қабілеттерін шыңдайтын түрлі ақылы үйірмелер жұмысын жалғастыруда!
Біздің балабақшада келесі үйірмелер қызмет көрсетеді:
• Хореография — би қимылдары арқылы сымбаттылық пен үйлесімділікке үйретеді.
• Домбыра — ұлттық өнерге баулып, күй тартудың қыр-сырын меңгертеді.
• Ойнайық та, ойлайық — мектепке дайындық, ойлау қабілетін дамытатын қызықты сабақтар.
• Каратэ — балалардың денсаулығын нығайтып, тәртіп пен өзіне сенімділікті қалыптастырады.
• Робототехника — заманауи технологияға алғашқы қадам, логика мен шығармашылықты дамытады.
Баланың жан-жақты дамуы — біздің басты мақсатымыз!