Skip to content

1 қазан күні №44 сәбилер бақшасында«Ұлы жібек жолы» сауда керуені мен келген ұлттар арасындағы «күзгі жәрмеңке» өтті.

Мерекенің мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында бірлескен шығармашылық қарым-қатынас орнату, ата-аналармен балаларға тарихи оқиғалардан жалпы түсінік қалыптастыру, балаларды ұлттар мәдениетімен таныстыру, күз берекесі мен ырыздығы, еңбек туралы мәліметтер беру.Әрбір топтың ата-аналары мен балалары , Жібек жолымен сауда жасаған белгілі бір ұлттың киімдерін киіп шықты.Әр елден келген саудагерлердің тауарлары, жеміс-көкөністері, түрлі тамағамдары сатылымда болды.Балалар мен ата-аналар өз өнерлерін паш етіп, балабақшамыздың алаңын думан-сауыққа айналдырды. Осы жәрмеңкеден тапқан табыстарын балалар тәрбиешімен бірге дүкенге барып, өздеріне ұнаған заттарын:ойыншық, кітап, дамытушы құралдарын алатын болады.
Жәрмеңке барысында бақшамыздың жас тілшісі-Көзайым, әр топқа жақындап, сұрақтар қойып, репортаж жүргізді.Әділ қазы -алқаларыәділ бағаларын беріп, барлық қатысушы топтарға орындар берілді.»Ұлы жібек жолы» сауда керуен мерекесі жылдағыдан ерекше өтті.Бүгінгі мерекеге атсалысқан барша ата-аналарға алғысымыз шексіз.Барлық жақсылық балалар үшін.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *