9- шы қазан күні #44 сәбилер бақшасында, кіші топтар арасында, күз ерекшеліктері мен күз өнімдерімен таныстыру, мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында “ Қош келдің, алтын күз!” атты мерекелік ойын- сауық өткізілді. Мерекеде бүлдіршіндер ән салып, би билеп, мереке қонағы болған кейіпкерлермен бірге қызықты ойындар ойнады. Күз мерекесі бөбектерімізге қызықты думан сыйлады.