Ән – көңілдің ажары демекші, бүлдіршіндеріміздің шынайы сезіммен орындаған ” *Анаға сыйлық” әні* жүректерге жылы лебіз сыйлады. Ән ырғағымен үйлескен би де көрермен көңілінен шықты. Кішкентай жүректен шыққан әрбір қимыл, әрбір әуен – анаға деген сүйіспеншіліктің, риясыз махаббаттың көрінісі. Сурет салып, жүрек жылуын қағазға түсіріп, аналарға тарту еткен бүлдіршіндеріміздің бұл сыйы – шын жүректен шыққан шынайы алғыс.
Әнмен өрілген мейірімге, бимен безенген құрметке мың алғыс, бүлдіршіндер!
Әнді дайындаған: музыка жетекшісі Назгуль Кайкеновна Ажболатова