Skip to content

Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті

Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үшін бірі балалар құрайды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде балалардың құқығын қорғау бойынша ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар жүзеге асырылады. Ел тұрғындарының үштен бір бөлігін балалар құрайды. Атап айтқанда, Қазақстанда 6,8 млн. бала бар.

«Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы тиіс», – Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті
Қабылданған үш заңдағы маңызды бастама – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірге бейімделуі үшін тәлімгерлер институтының құрылуы.

Бүгінде 330-дан астам бала тәлімгерлермен қамтылып, қажетті көмек алуда.
Балалардың құқығын қорғаудағы негізігі шаралардың бірі – балаларға қатысты құқықбұзушылық үшін жаза қатаңдатылып, кәмелетке толмағандарға жәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді.

Жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында балаларды қоғамдық көліктерден түсіріп кетуге тыйым салынды.
2025 жылдан бастап мектептер мен колледждерде республикалық бірыңғай «111» байланыс орталығына жедел хабарласа алатын QR-кодтар енгізілді.

Биылғы жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша байланыс орталығына 17 400 бала жүгінген.

Елдің әр өңірінде балалардың құқықтары жөніндегі арнайы уәкілдер жұмыс істейді. 2024 жылдан бастап қорғаншылық органдарында мамандарының саны 303-тен 692 адамға, яғни екі есеге артты.

Қорғаншылық органдарының штаттық саны бойынша норматив бекітілді. Атап айтқанда, 5 мың балаға кемінде 1 маманнан бөлінді.
Елімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім 17 660 бала қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. 2024 жылы 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты.

2025 жылдан бастап отбасылық орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасылар енгізілмек. Бұл бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қамқорлық көрсетіп, оларға үй жағдайында қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

2024 жылдан бастап елімізде 627 балабақша ашылып, 93,1% бала мектепке дейінгі ұйыммен қамтылды. Соңғы 3 жылда балабақша кезегі 2 есеге қысқарған.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мектептердегі орын тапшылығы мен үш ауысымды оқу мәселесін тиімді шешіп келеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *