Қайырымдылық.
Бұл күнді қайырымдылық, мейірім мен тату көршілік күніне орай «Павлодар қаласының №126 сәбилер бақшасы-эстетикалық даму орталығына» барып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйладық. Балаларға арнап қоржын толы базарлық апарып, әріптестерімізге табыстадық. Бізді балабақша ұжымы ерекше ықыласпен қарсы алды.
Кездесу барысында ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүрімізді жаңғырттық. Шараның басты мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау болды.
Бұл игі шара бәрімізге ерекше әсер сыйлады. Осындай жүрек жылуын бөлетін кездесулер жиі болып тұрса екен деп тілейміз!