Балалардың орындауында Ахмет Байтұрсынұлының «Қасқыр мен Қозы» мысалы ерекше әсермен ұсынылды. Бүлдіршіндеріміз әр кейіпкердің мінезін жүректен өткізе отырып, рөлдеріне шынайы еніп, көрерменнің көңілін баурап алды.
Олардың сенімді дауысы, шебер қимыл-қозғалысы және түсінікті жеткізуі көркем сөз өнерінің мәнін айқын көрсетті.
Керемет орындау үшін мың алғыс!
Осындай сәттерге себепкер болған қазақ тілі маманы – Шолпан Муратовна Конратбаеваға және тәрбиеші – Алмагуль Кажыбайевна Амиринаға шығармашылық еңбектері үшін ерекше ризашылық білдіреміз.